print

Қарағанды қаласында «Тілектер шыршасы» акциясы өтті

...

Жаңа жыл қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалы Шахтеров даңғылы 5/2 орналасқан ХҚО-да «Тілектер шыршасы» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Мұндағы шыршаға әшекейден бөлек, аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалардың қалаулары жазылған тілек хаттары ілінді. Оларды ХҚО-ға қызмет алуға келуші азаматтармен қатар филиал қызметкерлері орындауға атсалысты.

Әрбір бүлдіршін жаңа жылда таңғажайыптар болатынына сенеді. Аталмыш шара арқылы мемлекеттік корпорация 23 бүлдіршіннің арманын орындады. Мысалы, кішкентай Бексұлтанға армандаған конькиі сыйға тартылды, өскенде ол хоккей ойыншысы болуды қалайды. Ал Дамир есімді балақай лего жинауды жақсы көреді, ХҚО-ға келушілердің бірі сол тілегін орындап, оған конструктор сыйлады.

Жаңа жыл шыршасын олардың басты кейіпкерлері – Аяз ата мен Ақшақарсыз елестету мүмкін емес. Балалар оларға өлеңдері мен тақпақтарын айтып, шыршаны шыр айнала биледі. Бүлдіршіндерге аз да болса қуаныш сыйлап, жүздерін жадырату – қолымыздан келер игілікті іс.

Аталған шараларды өткізу – аз қамтылған отбасы балалары үшін үлкен қолдау. Қайырымды іс жасау арқылы біз балаларға мейірім мен жомарттықтың жақсы үлгісін көрсете аламыз.

Қарағанды қаласында «Тілектер шыршасы» акциясы өтті"

 


Келулердің саны: 380

Жоғары