print

Тәуелсіздік күнінде ауданымызда қос сәби дүние есігін ашты

...

Бүгін аудан әкімі Юржан Бекқожин аудандық орталықтандырылған аурухананың перзентхана бөлімінде болып, Тәуелсіздік күні өмір есігін ашқан сәбилер мен жас аналарды арнайы құттықтап, сыйлық табыс етті.

- Аудан тұрғындары атынан сіздерді зор қуаныштарыңызбен құттықтаймын. Сіздерге және кішкентай сәбилеріңізге денсаулық тілеймін, ал медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, - деді аудан басшысы.

Қазақ елінің басты мерекесі – Тәуелсіздік күні ауданымызда қос сәби дүниеге келді. Әбілмәнсүр есімді ер баланы дүниеге әкелген Атасу кентінің тұрғыны - Шынар Исатаева. Болашақ батыр отбасында төртінші бала екен. Ал, М.Жұмажанов ауылының тұрғыны Ерденбаева Айданаға екінші рет ана болу бақытын сыйлаған қыз баланың есімі -Аяулым.

Сәбилердің де, аналардың да жағдайы өте жақсы. Шаңырақтарында өздерін асыға күтіп отырған отбасыларына оралатын сәт те жақын.

Тәуелсіздік күнінде ауданымызда қос сәби дүние есігін ашты 

Тәуелсіздік күнінде ауданымызда қос сәби дүние есігін ашты

Тәуелсіздік күнінде ауданымызда қос сәби дүние есігін ашты

Тәуелсіздік күнінде ауданымызда қос сәби дүние есігін ашты

Тәуелсіздік күнінде ауданымызда қос сәби дүние есігін ашты

Тәуелсіздік күнінде ауданымызда қос сәби дүние есігін ашты

 

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі


Келулердің саны: 78

Жоғары