print

Ауданда отбасылық-дəрігерлік амбулатория ашылды

...

Ұлы дала Елі, көгінде көк байрағы желбіреген айбынды ел – қазақ елі өз Тәуелсіздігінің мерекесін қашан да лайықты қарсы алады. Себебі, халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.
Осындай қазақ елінің ең басты мемлекеттік мерекесі, ұлттың ұлы күні қарсаңында ауданымызда мерейлі оқиға орын алды. Ауданымызға қарасты Түгіскен ауылдық округінде ауыл халқының көптен күткен қуанышы - жаңа емдеу нысаны ашылды. Отбасылық-дəрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуына аудан əкімі Юржан Бекқожин қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтап, жаңа нысанның лентасын қиды.
         Президент Нұрсұлтан Назарбаев Халыққа арналған Жолдауларында елді мекендерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуы керектігін айтса, бүгінде Елбасының тапсырмасы жүзеге асырылып, «Агропромрэмстрой» ЖШС мердігер болып, облыстық бюджеттен бөлінген 107 млн. теңге қаражатқа ем орыны тұрғызылып отыр.
       Ұлт көшбасшысы тілге тиек еткендей, адамзаттың өмірі мен денсаулығын сеніп тапсыратын ем орындарының жауапкершілігі қашан да зор. Ендеше, ашылып отырған отбасылық-дәрігерлік амбулатория ауыл тұрғындарының дертіне шипа беретін құтты орынға айналатынына кәміл сенеміз.

Ауданда отбасылық-дəрігерлік амбулатория ашылды

Ауданда отбасылық-дəрігерлік амбулатория ашылды

Ауданда отбасылық-дəрігерлік амбулатория ашылды

Ауданда отбасылық-дəрігерлік амбулатория ашылды

Ауданда отбасылық-дəрігерлік амбулатория ашылды

Ауданда отбасылық-дəрігерлік амбулатория ашылды

Ауданда отбасылық-дəрігерлік амбулатория ашылды 

Ауданда отбасылық-дəрігерлік амбулатория ашылды

 

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі


Келулердің саны: 297

Жоғары