print

Гемодиализ орталығы ашылды

...

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Жаңаарқа ауданында қуанышты жағдай орын алды. Аудандық орталықтандырылған ауруханада гемодиализ (жасанды бүйрек) орталығы ашылды.

Аурухана жанындағы ем орталығының салтанатты ашылуына аудан әкімі Юржан Бекқожин арнайы қатысып, құттықтау-тілегін жеткізді. Шексіз қуанышын білдірген аудан басшысы жаңа ем орынының лентасын қиды.

Мемлекеттік жеке серіктестік негізінде ашылып отырған орталықтың инвесторы бүкіл ел бойынша гемодиализ клиникаларының желісіне ие «B.B.NURA» ЖШС болып табылады. Орталықтың құны шамамен 60 миллион теңгені құрайды.
Осы уақытқа дейін ауданның көптеген тұрғындары гемодиализ қызметтерін облыс орталығынан алып келді. Аудан көлемінде медициналық көмектің осы түрі тұрақты сұранысқа ие болғандықтан, орталық ашу қажеттілігі пайда болып отыр.
Бұдан былай аудан тұрғындары сыртқа шықпай-ақ, гемодиализ қызметтерін аудан орталығынан ала алатын болады. Бұл орталықтағы ерте жасалған диагностика мен уақытылы тағайындалған ем – науқастардың сауығу мүмкіндігін арттырады және олардың өмір сүру сапасын жақсартады.

Қазіргі таңда орталықта екі жасанды бүйрек аппараты бар. Олардың біреуі гепатит сияқты аурулармен ауыратын науқастарға арналған. Тағы біреуі резервте тұрса, қалған екеуі толық қуатта жұмыс істеп жатыр. Жаңаарқа гемодиализ орталығында нефролог дәрігер, реаниматолог және екі медбике мен санитар жұмыс істейді. Олар күніне төрт процедура өткізеді. Жабдықтың қуаттылығы күніне 6 ем алушыны қабылдауға мүмкіндік береді.

Орталық заманауи жоғары технологиялы құрылғылармен жабдықталған. Әр науқастың бір процедурасына 26 250 теңге көлеміндегі қаражат қарастырылған. Бұл соммаға ем алушының орталыққа келуі мен үйіне қайтуының қамтамасыз етілуі, тамақтануы және гемодиализ қызметтері кіреді. Шамамен бір айда бір науқасқа мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмсалатын қаражат 300 мың теңгеден асады екен. 

Гемодиализ орталығы ашылды

 

Гемодиализ орталығы ашылды

Гемодиализ орталығы ашылды

Гемодиализ орталығы ашылды

Гемодиализ орталығы ашылды

Гемодиализ орталығы ашылды

Гемодиализ орталығы ашылды

Гемодиализ орталығы ашылды

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

 


Келулердің саны: 36

Жоғары