print

Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті

...

Бүгінде мемлекеттік органдардың алдында тұрған басты мақсат - мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын, қызмет түрлерінің сапалылығын қамтамасыз етіп, әкімшілік кедергілерді төмендету. Осының барлығы жемқорлықтың алдын алуға үлкен септігін тигізбек. Бүгінде үйден шықпай-ақ, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін электронды түрде алуға болады. Осы орайда, аудандық мәдени-сауық орталығының фоесiнде ұйымдастырылған жәрмеңкенің тағы бір мақсаты – «E.GOV» электронды үкіметінің порталын көпшілікке таныту болды.

Екi сағатқа созылған жәрмеңкеде аудан тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, негізінен жер телімдерін алуға қатысты сұрақтар көп болды.

Жәрмеңкеге келгендердің қатарында аудан әкімі Юржан Бекқожин да болды.
Аудан басшысы өзінің орынбасарларымен бiрге келiп, мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын бақылады.

Жыл басынан бері ауданда 25336 мемлекеттiк қызмет түрi көрсетiлген. Оның 2600-i электронды түрде жүргізілген.

 Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті

Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті

 Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті

 Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті

 Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті

 Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті

 Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті

 Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті

 Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті

 

 

 

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

 


Келулердің саны: 43

Жоғары