print

Әкімдер сайлауы жоғары деңгейде өтті

...

30-қараша күні ауыл әкімдерін сайлау шарасы ұйымшылдықпен өткізілді. Ертемен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залына жиналған аудандық мәслихаттың барлық депутаттары, аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері толық құрамда және БАҚ өкілдері қатысты.

Қоғамдық саяси маңызы зор сайлау науқаны аудан әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылып, сайлау орны дауыс беретін арнайы үш кабина, үгіт-насихаттық құралдарын ілуге арналған ақпараттық тақтамен толыққанды қамтамасыз етілген.
Жаңаарқа ауданының мәслихат хатшысы Қуат Имантүсіповтің төрағалық етуімен сайлау ашық деп жарияланып, Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды.
Одан соң аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әкішев әкімдерді сайлау жөнінде дауыс берудің тәртібімен жиналғандарды хабардар етті. Сайлаудың ережелерін түсіндірген соң, ел мен жерді басқаруға лайықты лауазым иелерінің тағдырын шешер жауапты сәт басталып та кетті.

Ауданымыздағы 11 депутат өз дауыстарын беріп, лайықты әкімдер таңдалды. Мұнан соң өз жұмысына кіріскен комиссия мүшелері әкімдікке сайланған кандидаттардың жинаған дауыстарын таразылап берді.

Халық қалаулыларының таңдауымен Атасу кентіне Амангелді Бақышұлы Түсіпов, Ақтүбек ауылдық округіне Ерлан Серікұлы Орманов және Бидайық ауылдық округіне Нұржан Кәдірбайұлы Жамауов әкім болып сайланды.
Сонымен, әкімдер сайлауы жоғарғы дәрежеде өткізіліп, өз мәресіне жетті.

Әкімдер сайлауы жоғары деңгейде өтті

Әкімдер сайлауы жоғары деңгейде өтті

Әкімдер сайлауы жоғары деңгейде өтті

Әкімдер сайлауы жоғары деңгейде өтті

Әкімдер сайлауы жоғары деңгейде өтті

Әкімдер сайлауы жоғары деңгейде өтті

Әкімдер сайлауы жоғары деңгейде өтті

Әкімдер сайлауы жоғары деңгейде өтті

Әкімдер сайлауы жоғары деңгейде өтті

Әкімдер сайлауы жоғары деңгейде өтті

Әкімдер сайлауы жоғары деңгейде өтті

Әкімдер сайлауы жоғары деңгейде өтті

Әкімдер сайлауы жоғары деңгейде өтті

Әкімдер сайлауы жоғары деңгейде өтті

 

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

 


Келулердің саны: 35

Жоғары