print

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері ұлықталды

...

Жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылығы қызметкерлері өздерінің төл мерекесін атап өтеді. Осыған орай, ауданымызда осы сала қызметкерлерінің қажырлы еңбегі еленіп, құрмет көрсетілді.

Үлкен мейрам иелеріне арналып сәулетіне сәні келіскен мейрамханада мерекелік дастархан жайылып, ерекше шара ұйымдастырылды. Жер ананы идіріп, қырманды қызыл дәнге толтырғандар мен төрт түлікті төлдетіп, қораны малға толтырған өз ісінің мамандарын аудан әкімі Юржан Бекқожин салтанатты жағдайда құттықтады.

– Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Ауыл шаруашылығы саласымен ғұмырын сабақтастырып, өмірінің анағұрлым бөлігін осы салаға арнап, оның дамуына айтарлықтай үлес қосып келген ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен ардагерлеріне ерекше алғыс білдіріп, зор құрметімізді жеткізгім келеді,- деді аудан басшысы.

Облысымыздың ірі аудандарының бірі саналатын жазиралы Жаңаарқамызда бір өндірістік кооператив ұжымы, 7 ауылшаруашылық кооператив ұжымдары мен 750-ге тарта шаруа қожалықтары болса, мерекелік шарада еселі еңбегі мен ел экономикасына қосқан үлестері үшін бірқатар еңбек озаттары лайықты марапаттарға ие болды. Атап айтатын болсақ, Ералиев ауылдық округінің «Аралқұм» шаруа қожалығының иесі Нұрша Игенбаев Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен, С.Сейфуллин ауылдық округі «Сенім» шаруа қожалығының басшысы Қабдығали Сүлейменов Қарағанды облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен», Талдыбұлақ ауылдық округінің «Орда» шаруа қожалығының иесі Жасұлан Абайдильдин облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Ал Қараағаш ауылдық округі «Жанболат» шаруа қожалығының иесі Раушан Арфилова «Мал басын асылдандыру бойынша көшбасшы шаруашылық» номинациясының жеңімпазы атанып, Қарағанды облысы әкімінің дипломына ие болды. Сонымен қатар, аудан әкімінің «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттарымен» және әртүрлі номинациялар бойынша дипломдармен бірқатар озат шаруа қожалық иелері марапатталды. Марапаталушылардың қатарында І-ші және ІІ-ші дәрежелі «Еңбек Даңқы» төс белгісілерінің иегерлері де болды. Олар – Қарағаш және Ақтүбек ауылдық округтерінің шаруа қожалықтарының иегерлері Санат Түсіпов пен Ерболат Әлтаев. Сондай-ақ, Қарағаш ауылдық округінің «Ислам» шаруа қожалығының иесі Ноян Жаманов Тұрар Рысқұлов қоғамдық қорының «Ауыл еңбегі үшін» медалін иеленді.

Мерекелік шара барысында ауданның құрметті ақсақалдары - Жаролла Шайхин, Хамзе Сәтжанов, Ғалым Төтеев және аудандық мәслихат хатшысы Қуат Имантүсіпов ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген азаматтарға құттықтау лебіздерін жеткізіп, толағай табыстар тіледі. Аудан әкімінің орынбасарлары Бауыржан Серіков пен Қанат Қожықаев ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еселі еңбегін тілге тиек етіп, бірқатар шаруа қожалықтарының иелері мен еңбеккерлеріне бағалы сыйлықтар мен марапатарын тапсырды. Сондай-ақ, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы Дүйсенбек Ахметов пен қазіргі басшысы Сәрсенбек Баязитов те әріптестерін мерекемен құттықтап, бірқатар мереке иелерін марапаттады.

Мерекелік кеш барысында әннен шашу шашылып, жылы лебіздер легі ағылып жатты. Жылдың төрт мезгілінде тынбай еңбек етіп, құрметке құр келмеген ауыл еңбеккерлері осылайша ұлықталды.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері ұлықталды

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері ұлықталды

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері ұлықталды

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері ұлықталды

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері ұлықталды

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері ұлықталды Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері ұлықталды

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Келулердің саны: 128

Жоғары