print

Аппараттық кеңесте

...

Бұл аптадағы аудан әкімі Юржан Бекқожиннің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте әкім орынбасарлары Қанат Қожықаев пен Бақытжан Мұқанов ауданның ағымдағы жағдайы туралы есеп берді.

Қанат Қожықаев өзінің жауапты салалары бойынша мәлімдеме жасады. Айта кетсек, "Рухани жаңғыру" бағдарламасындағы "Атамекен" бағыты аясында ауданда жалпы құны 88,8 млн. теңгеге 9 жобаны іске асыру жоспарланса, бүгінгі күнде аталған жобалардың7-і сәтті жүгеге асқанын айтты аудан әкімінің орынбасары. Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес "DamuMed" мобильдік қосымшасын енгізу жұмыстары жүргізілу үстінде және ауданға берілген жоспар орындалған.Тағы бір тоқталатын жәйт, бюджет есебінен бөлінген 16 млн. 506 мың теңгенің 10 млн.775 мың теңгесіне 28 мектепке - 274 бейнебақылау камералары (оның ішінде, ішкі - 206, сыртқы - 68) орнатылатын болады.

Бақытжан Мұқанов өз баяндамасында жылу беру мәселесіне тоқталды. Өткен аптада 215 тонна экспорттық көмір тасымалданып,тұрғындар тарапынан шағымдар түспеген. Барлық көмір қоры 1500 тоннаны құрап,қазіргі таңда 4 дана камаз көмір тасымалдау үстінде екен. Сондай-ақ, бүгінгі күнде 1,5 шақырым кәріз жүйесі тартылып, 61 дана құдықтар орнатылған. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталатын болсақ, 100 метр электр желісін тартылып, кәріз жүйесінің насостық станциясын орнату және қосу жұмыстарын жүргізілетін болады. Сонымен қатар, «М.Жұмажанов елді мекенінің су желілерін қайта қалпына келтіру» жобасы ағымдағы жылы 6 шақырым су желісін тарту жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда 4 шақырым су желісі тартылып,7 адам жұмыс істеуде.

Аппараттық жиында тыңдалған тағы бір мәселе - "Таза су" мемлекеттік кәсіпорынның атқарып отырған жұмыстары жайлы болды. Бұл туралы аталмыш мекеменің директоры Марат Әбдішев баяндама жасады.

Жиын соңында баяндамалардан туындаған мәселелер бойынша аудан басшысы жауапты басшыларға тапсырмалар берді.

Аппараттық кеңесте

Аппараттық кеңесте

Аппараттық кеңесте

Аппараттық кеңесте

Аппараттық кеңесте

Аппараттық кеңесте

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі


Келулердің саны: 39

Жоғары