print

Салық төлеушілерге мәлімет үшін!

ДБФ бар БКМ: қызмет түрлерінің тізбесі толықтырылған

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ҚР Қаржы министрінің 2018ж. 02.16.№208 бұйрығына өзгеріс кіргізілгенін салық төлеушілерге мәлімет үшін жеткізеді:   салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын міндет түрде қолданатын Қызмет түрлерінің тізбесі толықтырылған.

Сондықтан, 2018жылдың 1-ші қазанынан бастап салық төлеушілер келесі қызмет түрлерін жүзеге асырғанда ДБФ бар БКМ міндетті түрде қолдану керек:

11.

Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату

 12.

Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу

 13.

Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату

  14.

Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату

 15.

Сусындарды көтерме саудада сату

 16.

Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату

 17.

Тоқыма бұйымдарын сату

 18.

Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату

 19.

Киімдерді сату

 20.

Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату

 21.

Сағат және зергерлік әшекейлерді сату

 22.

Ломбард қызметі

 23.

Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі

 24.

Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару

 25.

Жарнама агенттіктерінің қызметі

 26.

Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі

 27.

Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі


 Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 


Келулердің саны: 65

Жоғары