print

Прокурорлық тексеруден кейін тұрғындарға 13 млрд. теңге өтелді

Бүгін Бас прокуратура алқасында электр және жылу энергиясын қалыптастыру кезінде заңдылықтың сақталуын тексеру нәтижелері талқыланды.

Қадағалау шараларының нәтижесінде қазірдің өзінде 14 өңірде электр энергиясы мен жылу тарифтері төмендетілген.

Шамамен 5 млн. тұтынушыға 13 млрд. теңге өтелді.

Мысалы, егер бұрын Қапшағай қаласында бір бөлмелі пәтердегі жылу үшін шамамен 9,5 мың теңге төлесе, енді қабылданған шаралардан кейін құны 4,5 есе 2,2 мың теңгеге дейін төмендеді.

Бірқатар өңірлерде электр мен жылу тарифтерін 16 млрд. теңгеге төмендету міндеті тұр.


Келулердің саны: 40

Жоғары