print

Қорабай салған қоңыр ән

...

Қазақта «Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас» демекші, еңбектері елге таныс, есімдері ұлтымызға мақтаныш болып жүрген ел ағалары баршылық. Міне, сол талантты тұлғалардың қатарында жерлесіміз, аса дарынды әнші Қорабай ағамыз да бар.
Киелі сахна әлемінде өзіндік үні, өзіндік сыры, өзіндік бояуы, ажары бар, сырлы да әуенді дауысымен тыңдарманын елең еткізіп, әсем үнімен тербеп жүрген дарынды жерлесіміз биыл 70 жастың шыңына шықса, күні кеше атамекені жазиралы Жаңаарқаның төрінде дүбірлі шығармашылық кешін өткізді.

Қандай құрметке болсын, Қорекең өнері – әбден лайық. Аудандық мәдени-сауық орталығында өткен кеште Қорекеңнің әні десе делебесі қозатын өнер сүйер қауым аңыз ағамызбен жүздесті. Нұрлана қарады. Сағынып қауышты. Сыр тартысты. «Кездессек нұрлана қараймын, асаудай тулайды жас жүрек,»-деген композитордың әні осыдан 30 жылдай бұрын, дәл осы күнге арналып жазылғандай. Залда ине шаншар орын болған жоқ.

Жаңаарқа жұртшылығымен қатар, дарынды тұлғаның кешінде облыстың, сондай-ақ, еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы келген мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өнер майталмандары да болды. Қорабай Есеновтың әндерін сүйіп тыңдайтындардың бірі - аудан әкімі Юржан Бекқожин шара барысында жылы лебізін білдірді.

- Жетпіс жастың жалынан ұстап, өмір белесінің биігіне шыққан өзіңізді жерлестеріңіз туған жерінің кескін сөзді, кесек бітімді талантты ұлы мен құрметті азаматы деп танып, аса жоғары бағалайды. Киелі де қасиетті мекен Жаңаарқа жерінен талай өнер иелері қанат қақса, сол тау тұлғалы жұлдыздардың арасында алмас қылыштай жалтылдап, ерекше дауыс ырғағымен, қайталанбас үнімен ең биік шыңға жеткен бірегей әншісіз.

Сіздің орындаған әндеріңіз бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуаныш сыйлайтын жан серігіне айналған.

Табиғи дарыныңыз бен қайталанбас дауысыңызға жерлестеріңіз қашанда тәнті және Сізді мақтан етіп, ерекше қадір тұтады.

Бүгінгі кеште де тыңдармандарыңыз шырқаған әндеріңізді тамсана тыңдап, ерекше әсер алатыны ақиқат.                                                                                                    

Өнерде қашанда қанатыңыз талмай, халқымызға ұзақ қызмет етіңіз. Өміріңіз бен өнеріңіз ғұмырлы болып, отбасыңыздың аман-сау болуына шынайы пейілмен тілектеспін!-деді Юржан Асанұлы.

Аудан әкімі ыстық ықыласынан кейін қазақи дәстүр бойынша кеш иесінің иығына шапан жауып, автокөлік кілтін табыстады. Бұл сый-құрмет аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданның бірқатар ірі шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерінің демеушілігімен көрсетіліп отыр.

Жан жадыратқан кеште дарынды тұлғаның өнерден алыстағанымен өнер одан алыстамағаны байқалды. Оның үстіне сағынып  қауышқан шақта сыршыл әндердің шырқалуы тыңдарманның да, орындаушының да жүрегін елжіретті. Ал, тыңдармандар болса жасы 70-ке келсе де, арманның асқарына құлаш ұрған өнер иесінің арман асқарынан әлі талай көрінетініне, өміршең әндері жарыққа шығарына сенімді.    

Қорабай салған қоңыр ән

Қорабай салған қоңыр ән

Қорабай салған қоңыр ән

Қорабай салған қоңыр ән

Қорабай салған қоңыр ән

Қорабай салған қоңыр ән

Қорабай салған қоңыр ән

Қорабай салған қоңыр ән

Қорабай салған қоңыр ән

Қорабай салған қоңыр ән

Қорабай салған қоңыр ән

Қорабай салған қоңыр ән

Қорабай салған қоңыр ән

Индира Рахимбаева,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.


Келулердің саны: 67

Жоғары