print

Салық төлеушілердің назарларына !

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 533 бұйрығына сәйкес «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар еңгізілді. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген. Заңымен Бюджеттік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, соның ішінде Бюджеттік кодексінің 8-тарауы 52-1-бабымен толықтырылды, бюджетке түсетін түсімдерді аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері арасында бөлу, соның ішінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер: - аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығы; - мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; - жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы; - аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы. Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеттерге түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында 8 салық есептілігі нысандарына «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округтiң әкім аппаратының БСН» жаңа жолы қосылды. Осыған орай, 2018 жылдың 1 қаңтардан бастап салық есептілігін табыс ету бойынша міндеттемелерге қолданылатын 220.00, 230.00, 240.00, 700.00, 701.00, 701.01, 910.00, 911.00 салық есептіліктерінің нысандарына және жасау қағидаларына, сондай-ақ 200.00 нысанын жасау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 

Жаңаарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы


Келулердің саны: 1198

Жоғары