print

Ел игілігіндегі сауықтыру орталығы

...

Халықтың әлеуметтік әлеуетін жақсартып, экономикамыздың қарышты қадам басуына оң ықпалын тигізіп келе жатқан кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бүгінгі күні мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Өткен жылы ауданымызда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының аясында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы арқылы отбасылық кәсіпкерліктің жарқын үлгісі ретінде сәулеті жарасқан, заманауи үлгідегі Смағұловтар отбасының екі қабатты "Люба"сауықтыру орталығы тұрғызылып, жұмысын бастаған болатын. Бүгінде тек тұрғындардың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, ауданымыздың көркіне көрік қосып, халыққа қызмет етудің сапасын арттыруға ықпал етіп тұрған сауықтыру орталығына кеше, 10-қаңтар күні аудан əкімі Юржан Бекқожин арнайы барып, жай-күйімен, тыныс-тіршілігімен танысты. Аудан басшысы орталықты аралап көріп, иелерінің болашаққа деген жоспарларын да тыңдады.

Сауықтыру орталығының иелері - жеке кәсіпкерлер Сұмағуловтар отбасы. Орталық ғимаратының көлемі-420 шаршы метрді құрайды. Сауықтыру орталығында тіс емдеу, тіс салу, массаж, т.б қызмет түрлері көрсетіледі.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Ел игілігіндегі сауықтыру орталығы

Ел игілігіндегі сауықтыру орталығы

Ел игілігіндегі сауықтыру орталығы

Ел игілігіндегі сауықтыру орталығы

Ел игілігіндегі сауықтыру орталығы

Ел игілігіндегі сауықтыру орталығы

Ел игілігіндегі сауықтыру орталығы

 


Келулердің саны: 1219

Жоғары