print

Маңызды мәселелер талқыланды

3-қаңтар күні аудан әкімі Юржан Бекқожин «Орда Group» ЖШС-нің «Кентөбе» кен орынындағы барит рудасын өндіру руднигінің директоры Константин Шипиловтің және аудан әкімдігінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кеңес барысында кен орнының директоры өзінің басшылығымен атқарылған жұмыстарға тоқталып, кен орыны алқабын ұлғайту жөніндегі жоспарларын қоса айтты.

Дәл осындай кеңес аудан басшысының төрағалығымен «Арман-100» ЖШС-нің «Батыс Қамыс» кенішіндегі марганец өндіру руднигі директоры Аслан Қарабаев пен жауапты қызметкерлердің қатысуымен 5-қаңтар күні өтті.  Кеңесте Аслан Қарабаев аталған серіктестіктің қазіргі жағдайы жөнінде анықтама берді.

- Мекеменің жұмысы 2016 жылдан бері тоқтап тұр. «Батыс Қамыс» руднигі 2019 жылға дейін консервацияда. Марганец өнімін байыту кезеңінен өткізбей – өндіру жұмысы мақсатқа сай болмайды, сапасы төмендейді. Сол себепті руданы байыту технологиясын іздестірудеміз. Өз қаражатымызға кен байыту фабрикасының құрылысын бастағанбыз. Биыл мамыр айында жұмысты жалғастырамыз деген жоспарымыз бар. Жаңаарқа ауданының әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс атқаратын боламыз,-деді марганец өндіру руднигінің директоры.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі


Келулердің саны: 1179

Жоғары