print

Сенат депутатымен кездесу

...

8-қаңтар күні Жаңаарқа ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, өзінің депутаттық қызметі және Парламентте қабылданған заң актілері туралы ақпарат беру мақсатында Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Сергей Ершов ауданымызға жұмыс сапарымен келді. Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында өткен кездесуге аудан әкімі Юржан Бекқожин арнайы қатысты. Аудан басшысы ауданымыздың тыныс-тіршілігімен таныстырып өтіп, әлеуметтік-экономикалық тұстарға да тоқталды.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысы Қуат Имантүсіпов ашып, жүргізген кездесуге облыстық мәслихат депутаты Ғазым Жарылғапов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Хамзе Сәтжанов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Әсет Аманжолов және аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары қатысты.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі


Келулердің саны: 1407

Жоғары