print

Х а б а р л а н д ы р у

Х а б а р л а н д ы р у

    2017 жылы 1 сәуірден тамыз айына дейін Жаңаарқа ауданыныңда «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.

  1. Әлеуметтік жобалардың авторлары қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар болады (бұдан әрі-Қатысушылар).
  2. Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеуді үшін 5 балдық жүйе бойынша мынадай бағалау өлшемшарттарын айқындайды:

   2) жобаның Байқау мақсаты мен шарттарына сәйкес келуі: «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа   салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»;

   3) жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;

   4) жобаны сапалы жоспарлау (іс-шараларды жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нақты іске асыру);

   5) жоба нәтижесінің қолжетілімділігі;

   6) осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);

   7) қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдық, гранттар, қайымдырылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);

   8) аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау);

   9) өмірлік қиын жағдайға тап  болған халықтың қамтылу үлесі;

  10) жобаның ұзақтығы (1 жылдан кем емес);

  11) жобаны іске асыруға еріктілерді тарту.

   4.  Көрмеге қатысуға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

  1) ұсынылған құжаттарды, презентация материалдарын ресімдеудің сапасы;

  2) жобалардың слайдтар, роликтер түріндегі презентациялау ұзақтығы 3-5 минут болатын презентациялық материалдарын құрастыру;

  3) өткен жылғы республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды.

  2. Қажеттілік туындаған кезде Комиссия мүшелері «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу өлшем шарттарына түзетулер енгізеді.

  3. Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша (№ 1 қосымша) өңірлік деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсыныла алады.

  4. Қатысушылардың қолына жобаның толық материалдарының қабылдағаны туралы хабарламалар беріледі.

  5. Жоғарыда аталған өлшемшарттардың талаптарын  сақтамаған жағдайда Комиссия қатысушыларға ұсынылған материалдарды кері қайтарып береді.

  6. Жобаларды іріктеу кезінде даулы сұрақтар туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімі басымды құқыққа ие болады.

  7. Комиссиямен іріктеп алынған жобалар материалдары ағымдағы жылдың 1 тамызына қарай Министрлікке республикалық Көрмеге жолданады.

11. Туындаған барлық сұрақтар бойынша Тәуелсіздік көшесі 5 үйде орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінең білуге болады, байланыс телефоны 50005 (Г.Д.Накипова) және электрондық мекен жайлары janaarkasobes_8@mail.ru


Келулердің саны: 1678

Жоғары