Құрметті интернет желісінің оқырмандары!
Жаңаарқа ауданы әкімдігі сайтының қонақтары!
Ауданымыздағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ресми Web-сайтына қош келдіңіздер!
Қазіргі заманға сай жоғары технологиялар ғасырында, ресми Интернет-ресурстың құрылуы - мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру үшін «электронды үкімет» бағдарламасын жүзеге асырудағы алғашқы қадам болып табылады. Бұл сайт беттерінен Жаңаарқа ауданының мемлекеттік мекемелерінің аудан көлеміндегі қызметі жайында, әлеуметтік-экономикалық процесстер туралы, қоғамдық саяси жағдайлар туралы, ауыл шаруашылық, мәдениет, спорт, білім, денсаулық сақтау және тағы да басқа саладағы аудандық бағдарламалардың жүзеге асырылу жолдары жайлы біле аласыздар. Аудан мен аудан қызметтері туралы қажетті ақпараттарды алумен қатар, ауданымызағы әр түрлі жаңалықтармен және болып жатқан оқиғалармен дер кезінде танысуға да толық мүмкіндіктеріңіз бар.
Сіздерді Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының сайтында қабылдай отырып, Республика халқын және интернет жүйесін пайдаланушыларды біздің ауданмен таныстырып отырғаныма өте қуанышты екенімді айтқым келеді.
Біздің ресми сайт Сіздердің әрқайсыларыңыздың сенімді серіктеріңізге айналып, Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы бойынша толық ақпарат алудың басты көзі болып табылатындығына және бұл ақпараттық ресурсты пайдалану арқылы арамыздағы қарым-қатынастың одан әрі нығая түсетініне сенімдімін.
Өздеріңізге деген шынайы құрметпен,
Жаңаарқа ауданының әкiмi
Бекқожин Юржан Асанұлы
Отчетная встреча Акима перед населением 2019 год
Жаңаарқа ауданы әкімінің 2017 жылы ауданда әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалысы және 2018 жылы алда тұрған міндеттері туралы, халық алдындағы есеп беру кездесуі. 09.02.2018 ж.